![Астанадағы «Жерұйық» паркінде этноауыл ашылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_48191.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Саябақ аумағында барлығы 5 киіз үй тігіліп, «Шаңырақ көтеру» дәстүрі көпшіліктің назарына ұсынылады. Шаңырақ көтеру – ұлтымыздың біртұтастығын, кемеңгерлігін, еңбекқорлығын көрсетеді. Этноауылға келген барлық қала тұрғындары өз қолдарымен киіз үй құрап, көшпенді халықтың үй тұрғызу мәдениетімен танысады.
Этноауылдың ерекшеліктерінің бірі - шеберлер үйі. Шеберлер үйінде ұлттық әшекейлер мен бұйымдар қойылады. Қонақтар қолөнер шеберлерінің кілем тоқып, зергерлік бұйымдарды соғып, ағаштан бұйым жасағандарын тамашалай алады.
Тағы бір ерекше киіз үй – саятшылар үйі. Мұнда көшпелі халыққа тән аңшылық өнердің қыр-сырымен танысуға болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанадағы «Жерұйық» паркінде этноауыл ашылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97875/)