![Алматыда «Қазақ журналистикасының тарихы: «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының қалыптасуы мен таяу болашағы» атты конференция өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_48254.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
13 мамыр күні Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде III Бекхожин оқулары аясында «Қазақ журналистикасының тарихы: «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының қалыптасуы мен таяу болашағы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция және студенттер мен жас ғалымдардың «Жас зерттеушілер» атты ғылыми форумы өтеді.
Ғылыми форумда ұлттық баспасөз тарихына арналған ең үздік ғылыми-зерттеу жұмыстары, сондай-ақ, теле-радио және жаңа медиалық жобаларға жарияланған байқау жеңімпаздарының жұмыстары іріктеуден өткізіледі. Байқау жеңімпаздарына Хайыржан Бекхожин атындағы арнайы шәкіртақы тағайындалып, бағалы сыйлықтар табыс етіледі.
Байқауды ұйымдастырудағы мақсат – студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденісін жетілдіріп, қазақ журналистикасы тарихын зерттеуге бейімділігін арттыру.
Байқау міндеттері ғалым-профессордың өмірі мен шығармашылығын терең зерттеп, кешегі кеңестік идеология тұрғысынан зерттеген еңбектері мен ерлікке бағалауға лайық істеріне бүгінгі көзқарас арқылы талдау жасау, сондай-ақ, ұстаздық тұлғасы мен шәкірт тәрбиелеудегі қыр-сырын бүгінгі ұрпаққа таныстыру.
Байқау «Ең үздік ғылыми жұмыс», «Ең үздік тележобы», «Ең үздік радиобағдарлама» және «Қ.Бекхожиннің өмірі мен шығармашылығына арналған ең үздік мультимедиалық жоба» аталымдары бойынша өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда «Қазақ журналистикасының тарихы: «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының қалыптасуы мен таяу болашағы» атты конференция өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97938/)