![Астаналық оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадада жеңімпаз атанды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_48263.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Олимпиада мақсаты – мектеп оқушылары арасында атақты педагог, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО еңбек сіңірген ұстазы, Н.К. Крупская атындағы және «Құрмет» ордендерінің иегері Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның еңбектерін насихаттау.
Сайысқа Астананың 8 оқушысы қатысып, жүлделі орындар алды:
І орын - Назгүл Дүйсембаева, №50 мектеп, 11-сынып оқушысы;
ІІ орын - Ақерке Рабхан, №70 мектеп, 10-сынып оқушысы;
ІІІ орын - Арайлы Сағымбекова, №24 мектеп, 10-сынып оқушысы;
Ал, №40 орта мектеп оқушысы Камила Еманғалиева жетістіктері үшін «Сөз зергері» аталымында үздік атанды.
Фото: astana.gov.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астаналық оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадада жеңімпаз атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97947/)