![Батырхан Шүкеновтың әндері Ұлттық арнаның «Алтын қорында» сақтаулы](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_48300.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен түнде қазақ эстрадасындағы талантты әнші Батырхан Шүкенов өмірден озды. Әнші көзі тірісінде «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының бірнеше бағдарламасына қатысқан.
Ұлттық арнаның «алтын қорында» бір кездері өзі құрамында ән шырқаған «А-Студио» тобының «Остров надежды», «Белая река» әндеріне түсірген бейнебаяндары сақталған.
Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған Қуат Шілдебаевтың «Отан-ана» әні тыңдармандарға Батырхан Шүкеновтың орындауында жеткен еді.
Өткен жылы «Түнгі студия» бағдарламасына келген әнші «Арманым - Қазақстанда дыбыс студиясын ашу. Ұлттық оркестерлерге арнап, ұлы композитор Құрманғазының барлық туындыларын жазып берер едік. Бұл мәселе барлығымызды ойландыруы қажет», деген еді.
Сондай-ақ, бағдарлама ұжымына шығармашылығының 30 жылдығына орай жарық көрген «Батыр» атты альбомын сыйға тартқан.
Оның орындауындағы ресейлік композитор Павел Есениннің әні мен сөзіне жазылған «Осень» әнін kaztrk.kz мұрағатынан тыңдай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Батырхан Шүкеновтың әндері Ұлттық арнаның «Алтын қорында» сақтаулы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/97984/)