Талдықорған қаласында Қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» облыстық іріктеу турнирі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорған қаласында Қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» облыстық іріктеу турнирі аяқталды

30.04.2015
Талдықорған қаласында Қазақ күресінен «Жетісу бөрісі» облыстық іріктеу турнирі аяқталды

Салтанатты шараның ашылу рәсімінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Финалдық іріктеу нәтижесі бойынша І орынды А.Касачев, ІІ орынды Қазбек Рамазанов иеленді. Аталған екі палуан да Қарасай ауданының спортшылары. Көксулық Айдос Қаңлыбаев ІІІ орынды місе тұтты.

Айта кетелік, «Жетісу бөрісі» жарысынан І, ІІ орын алған екі палуан ағымдағы жылдың 5 шілдесінде Астана қаласында өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне арналған «Қазақстан барысы» республикалық турниріне қатысады.

 

zhetysu.gov.kz

Хабарламаларға жазылу