![Қарағандыда «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ ...» атты ғылыми-практикалық конференция өтті (ФОТО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_48326.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қарағандыда №92 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ ...» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция жұмысына «Қасым» журналының бас редакторы, ақын С.Сағынтай, облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бас маманы С.Нелдібаева, «Сарыарқа дарыны» ғылыми-практикалық орталығының басшысы А.Әбдірахманова, «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» АҚ облыстық педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы К.Смағұлова қатысып, ақын шығармашылығы жөнінде баяндамалар оқыды.
Шара мақсаты: оқу-тәрбие үрдісіндегі Қасым шығармаларының құндылығын, тәрбиелік мәнін және соғыс жылдарындағы бабалар ерлігін насихаттау.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ ...» атты ғылыми-практикалық конференция өтті (ФОТО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/98010/)