![Атырау қаласында «Ұрпаққа ұран болған ұлы жеңіс» атты республикалық ақындар айтысы өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_48424.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Нұр Отан» партиясы және Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұрпаққа ұран болған ұлы жеңіс» атты республикалық ақындар айтысы өткізілді.
Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбек, Атырау облысының әкімі Б.Ізмұханбетов, ардагерлер, қала тұрғындары мен қоғам қайраткерлері қатысты. Айтыс 2 күнге жалғасты.
Айтыскерлердің өнерін Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов, белгілі композитор Алтынбек Қоразбаев, ақын Жанарбек Әшімжан бастаған қазылар алқасы бағалады.
Айтыс қорытындысы бойынша бас жүлдені алматылық Болатбек Оразбаев жеңіп алды.
1 орын қарағандылық Мақсат Ахановқа, 2 орын оңтүстік қазақстандық Бекарыс Шойбеков пен атыраулық Шалқарбай Ізбасаровқа бұйырды.
3 орынды батыс қазақстандық Бауыржан Халиолла және астаналық Еркебұлан Қайназаров пен Мейірбек Сұлтанхан иеленді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау қаласында «Ұрпаққа ұран болған ұлы жеңіс» атты республикалық ақындар айтысы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/98108/)