18 жасында соғысқа аттанғандардың бірі – Тұрмағамбет Әліқұлов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

18 жасында соғысқа аттанғандардың бірі – Тұрмағамбет Әліқұлов

04.05.2015
18 жасында соғысқа аттанғандардың бірі – Тұрмағамбет Әліқұлов

Тұрмағамбет Әліқұлов 1943 жылы 18 жасында Орынбор қаласында әскер қатарына алынып, 343-ші атқыштар полкінің құрамында соғысқа аттанады. 739-шы «Зенит» артиллериялық полкінде бағдарлаушы командир болады.

«Неміс басқыншыларының әуе шабуылы кезінде екі «Зенит» зеңбірегі қатар тұрып, атқылай бастайды. Содан ұрыс кезінде екіншісіне бомба түседі. Онда жеті адамның үшеуі қаза табады. Сонда әкеміз командирдің бұйрығын күтпей-ақ, жүгіріп барып, екі «Зенитке» бірдей қызмет етеді», дейді ұлы Болат Тұрмағамбетұлы.

Майдангер Ресейдің Воронеж қаласында, бұдан бөлек, екінші Украин майданында ерен ерлік көрсетті. Жауынан қаймықпай, қайсарлық танытқан Тұрмағамбет Әліқұлов соғыс аяқталған соң, «Ұрыста көрсеткен ерлігі үшін», Германияны жеңгені үшін» және «II дәрежелі Ұлы Отан соғысы» ордендерімен марапатталған.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу