![Алматыда Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_48499.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
9 мамыр күні халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімін өткізеді.
Шараға халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының алғашқы президенті, соғыс ардагері, академик - Әбдуәли Қайдар, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Өмірзақ Айтбайұлы, қоғам вице-президенттері Ғарифолла Әнес, Ерден Қажыбек, қоғамның Алматы қалалық филиалының төрағасы Құсман Шалабаев, Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Мамай Ахетов, Басқарма мүшесі, профессор - Әлімхан Жүнісбек, ұлт жанашырлары, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері қатысады.
Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін академик Әбдуәли Қайдар сөз сөйлеп, академик Өмірзақ Айтбайұлы «Бауыржан Момышұлы – ұлт тілін қорғаған батыр» атты баяндама жасайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/98183/)