![Қазақстандық палуан қыздар Азия чемпионатында бір күміс пен үш қола медаль жеңіп алды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_48560.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Отандасымыз Эльмира Сыздықова 69 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ол финалда қытайлық спортшыға есе жіберген.
Ал, 63 келі салмақ дәрежесінде Екатерина Ларионова Солтүстік Корея елінен келген палуанды 7:2 есебімен ұтып, қола медаль иеленді.
53 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жұлдыз Әшімова да Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алды. Ол үшінші орын үшін болған кездесуде үндістандық спортшыны 6:3 есебімен ұтқан,
Сонымен қатар, Гүлмарал Еркебаева (75 келі) алғашқы кездесуде жапониялық спортшыға 0:10 есебімен ұтылып қалды. Бұл салмақ дәрежесінде барлығы 6 палуан сынға түскен. Гүлмаралдың тобында басқа қатысушы болмағандықтан ол Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық палуан қыздар Азия чемпионатында бір күміс пен үш қола медаль жеңіп алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/98244/)