![Дубайда қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдарының көрмесі өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_48592.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Дубайда «Ұрпақпен асыл байланыс» атты қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдарының көрмесі ашылды, деп хабарлайды inform.kz.
Мақсаты - Әмірлік тұрғындарын қазақтың ұлттық киімдерімен, әшекей бұйымдарымен, ұлттық тағамдарымен таныстыру.
Шараға Қазақстанның Дубайдағы Бас консулы Арман Исағалиев, қазақстандық студенттер мен шетелдік қонақтар және БАҚ өкілдері қатысты.
Сондай-ақ, көрме аясында «Қазақ ұлттық зергерлік бұйымдарының мән-мағынасы» атты шеберлік сабағы ұйымдастырылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Дубайда қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдарының көрмесі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/98276/)