![«Шоқ тілді шайыр – Шорабек» атты республикалық ақындар айтысы өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_48642.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
14 мамыр күні Жамбыл облысы, Талас ауданындағы мәдениет үйінде Шорабек Айдаровтың 60 жылдығына орай «Шоқ тілді шайыр – Шорабек» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.
Айтысқа республикаға танымал ақындар Айтақын Бұлғақов, Серікзат Дүйсенғазы, Ақмарал Леубаева, Айнұр Тұрсынбаева және Жамбыл облысына белгілі ақындар қатысады.
Шараны ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Шоқ тілді шайыр – Шорабек» атты республикалық ақындар айтысы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/98326/)