Дүйсен Сүйесінов 316-шы атқыштар дивизиясы құрамында болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүйсен Сүйесінов 316-шы атқыштар дивизиясы құрамында болған

14.05.2015
Дүйсен Сүйесінов 316-шы атқыштар дивизиясы құрамында болған

Атақты 316-шы атқыштар дивизиясы құрамында  соғысқан батыр Дүйсен Сүйесіновтің ерлігін екінің бірі біле бермейді. Соғыс басталған сәтте Дүйсен Сүйесінов 10-сыныптың оқушысы болатын.

Әскерге алыну үшін жасын ұлғайтып, өз еркімен майданға баруға сұранады. Осылайша, Атырау облысының Мақат ауданынан әскер қатарына алынып, Алматыға жөнелтіледі.

Сонда құрылып жатқан 316-шы атқыштар дивизиясының құрамында  екі ай әскери дайындықтан өткен соң Мәскеуді қорғауға аттанады.  Генерал-майор Иван Панфилов қолбасшылық еткен дивизия ұрысқа кіріскен алғашқы күндерден-ақ, ерліктің ерен үлгісін көрсетеді. Қатардағы жауынгер Дүйсен Сүйесінов те батырлығымен көзге түседі.

«Қызыл ту», І, ІІ дәрежелі «Отан соғысы», сондай-ақ, «Қызыл жұл­дыз» ордендерімен марапатталған. Сонымен қатар,  «Ерлігі үшін», «Әскери қызметтері үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін» және т.б. медальдар берілген.

Толығырақ бүгін 22:40-та «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» арнайы тележобасынан көре аласыздар.
 

Хабарламаларға жазылу