Оралда «Ғұмар Қараш - тарихи тұлға» атты конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда «Ғұмар Қараш - тарихи тұлға» атты конференция өтті

16.05.2015
Оралда «Ғұмар Қараш - тарихи тұлға» атты конференция өтті

Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның концерт залында өткен ғылыми конференцияға жоғары және арнаулы орта білім беру орындарының ғалымдары мен оқытушылары, «Жайық Пресс» ЖШС, Жәнібек, Қазталов аудандарының өкілдері, ақын-жазушылар және қоғамдық ұйымдар басшылары қатысты.

Шарада Алаш қайраткері, ойшыл ақын, ағартушы Ғұмар Қараштың шығармашылығы бойынша Тілекжан Рысқалиев, Серікқали Шарабасов, Бақтылы Боранбаева, Дәметкен Сүлейменова сынды ғалымдар, белгілі журналист Қазбек Құттымұратұлы, сондай-ақ, «Жайық Пресс» ЖШС-ның Бас директоры Жантас Сафуллин баяндама жасады.

Сондай-ақ, конференция аясында «...Жойылмаса игі еді, артта қалған ізіміз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Конференцияны облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Әбіл Жоламанов жүргізді, деп хабарлайды zhaikpress.kz.

Хабарламаларға жазылу