![Руслан Мәдиев қарсыласын екінші раундта нокаутпен жеңді (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_48767.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен АҚШ боксшысы кіші Вилли-Монро (19-1-0, 6 КО) кездеседі.
Сонымен қатар, осы жекпе-жек аясындағы тағы бір қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев өзінің кезектті жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті. Қарсыласы америкалық боксшы – Хулио Санчесті екінші раундтың басында нокаутпен ұтты.
Бұл Руслан Мәдиевтің 5-ші жекпе-жегі. 3 кездесуді мерізімінен бұрын нокаутпен аяқтаған.
Айта кетейік, Головкин мен Монро жекпе-жегі болатын бокс кеші таңғы сағат 07:00-де басталған. Бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде. Ойын барысын ел аумағында онлайн трансляциялау құқығы kaztrk.kz порталына ғана берілген. Ал, жекпе-жектің қайталауын 17 мамырда «KAZsport» телеарнасынан сағат 14:00-де тамашалай аласыздар.
Видео: vk.com/ggolovkin
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Руслан Мәдиев қарсыласын екінші раундта нокаутпен жеңді (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/98451/)