![Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегін де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_48777.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
WBA (Super), IBO мен WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегін де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBС) президенті Маурисио Сулейман: «Геннадий Головкин Монроны жеңсе, біздің уақытша чемпионымыз болады. Сонан соң, орта салмақтағы Мигель Коттомен WBA белбеуі үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін», - деген еді.
Геннадий Головкиннің өзі биыл 4 жекпе-жек өткізуді жоспарлауда.
Айта кетейік, Геннадий Головкин бүгін кіші Вилли-Монроны 6-раундта техникалық нокаутпен жеңді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегін де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/98461/)