![Астанадағы «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде «Мұражай түні» өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_48799.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде Халықаралық мұражайлар күні аталып өтіледі. Шара ЮНЕСКО ұсынған «Мұражай және қоғамның тұрақты дамуы» тақырыбында ұйымдастырылады.
Басқосу аясында танымдық және ойын-сауық шаралары өткізіліп, келушілерге Астана қаласы сол жағалауының жаңартылған макеттері, сондай-ақ жұлдыздардың қатысуымен концерт ұсынылады.
Сонымен қатар, этно-мемориалдық кешен әлемнің көптеген мұражайлары секілді «Мұражай түні» акциясына да қатысады. 18 мамыр күні тәулік бойы мұражай есігі келушілер үшін ашық.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанадағы «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде «Мұражай түні» өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/98483/)