![31 мамырда «Астана Опера» театрында «Роден» балеті көпшілікке ұсынылмақ](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_48809.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
31 мамырда «Астана Операда» «Роден» балеті көпшілік назарына ұсынылады. Ресейлік хореограф Борис Эйфманның, ХIХ-ХХ ғасырлардағы француз композиторлары шығармаларының музыкасына жазылған балетте ұлы француз мүсіншісі Огюст Роден мен оның шәкірті, ғашығы әрі музасы Камилла Клодельдің тағдырлары суреттеледі.
Балет алғаш рет 2011 жылы Санкт-Петербургтің Александрин театрында, одан кейін Мәскеудің Үлкен театр сахнасында қойылған.
Роден рөлін ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тайыр Ғатауов, Жәнібек Иманқұлов, Камилланы Әйгерім Бекетаева, Розаны Әнел Рүстемова орындайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=31 мамырда «Астана Опера» театрында «Роден» балеті көпшілікке ұсынылмақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/98493/)