![«Астана Операда» C. Прокофьевтің «Петя мен Қасқыр» симфониялық ертегісі қойылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_48820.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
8 маусым күні «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының камералық залында «Петя мен Қасқыр» симфониялық ертегісі сахналанады.
Ертегі - симфониялық оркестрге арналып жазылған музыкалық шығарма. Қойылым кейіпкерлері - музыкалық аспаптар.
Концерт кезінде балалар көңілді ойындарға қатысады. Сондай-ақ, симфониялық оркестр аспаптарымен танысады.
Айта кетейік, мектеп жасына дейінгі балалар мен 1-5 сынып оқушыларына арналған ертегі 8 маусым күні сағат 12:30-да қазақ тілінде, ал 11:00-де орыс тілінде қойылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана Операда» C. Прокофьевтің «Петя мен Қасқыр» симфониялық ертегісі қойылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/98504/)