![М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында «Абай» трагедиясы сахналанады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_48857.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін, 19 сәуірде М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында Мұхтар Әуезовтің «Абай» трагедиясы сахналанады.
Қойылымда шығармашылық тұлғасы өз алдына, ел ішіндегі жақсыны көре-тани білген, әр шәкіртіне нағыз ұстаз бола білген ұлы ақынның адами тыныс-тіршілігі, зұлымдықпен алысқан, соқтықпалы, соқпақты өмірі суреттеледі.
Жаңа заманның, өркениеттің бастауы болған, қоғамдық сананың ілгерілеуіне қызмет еткен Абай болмысы ашылады.
Қоюшы режиссері - Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері Есмұхан Обаев. Қоюшы-суретші - Ерлан Тұяқов.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында «Абай» трагедиясы сахналанады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/98541/)