![Испанияда өткен халықаралық би байқауында жеңімпаз атанған Жәния Ержан «Таңшолпанға» сұхбат берді (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_48906.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Байқауда ол испан, жапон және «Көбелек» биін билеген.
«Мен би билегенді жақсы көремін. Анам үнемі би үйірмесіне алып келеді. Испаниядағы байқауда көптеген достар таптым. Олар маған әртүрлі ойыншықтар берді», - дейді Жәния Ержан.
Испан биін ерекше орындауының арқасында жеңіске жеткен. 4-9 жас аралығындағы балалар қатысқан байқауда Жәния - ең кішкентайы болған.
«Испан биі - өте қиын. Эмоцияға толы темпераментті би. Жәния осы ерекшеліктерді сахнада жақсы көрсете білді. Нағыз испанға тән ерекшелікпен биледі», - хореограф Екатерина Гамидова.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Испанияда өткен халықаралық би байқауында жеңімпаз атанған Жәния Ержан «Таңшолпанға» сұхбат берді (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/98590/)