![Астанада Мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_48939.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аясында қала басшысы Әділбек Жақсыбековтің атынан үздік қызметкерлерге алғыс хаттар тапсыру рәсімі өтті.
Алғыс хаттарды Мәдениет басқармасының басшысы Б. Мажағұлов табыс етті.
Сондай-ақ, мерекелік шара барысында «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» ҚР мемлекеттік мерейтойлық медальдары табыс етілді.
Марапаттау соңы мерекелік концертке ұласты.
Айта кетейік, елімізде Мәдениет және өнер қызметкерлері күні жыл сайын 21-мамырда аталып өтіледі. Атаулы дата 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада Мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/98623/)