![Салқындатылған еттің артықшылығы неде?](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_48947.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мұздатылған ет пен салқындатылған еттің айырмашылығы – жер мен көктей. Салқындатылған еттің құрамында дәрумендер
сақталады. Ал, тоңазытылған ет ерігенде дәмін жоғалтады.
Салқындатылған етті ерекше иісі арқылы анықтауға болады. Бұл үшін жаңа сойылған малдың етін 1, 2 градуста ұстайды. Температураны одан ары түсірмеу керек. Әйтпесе мұздатылған етке айналады.
Мұндай әдісті бүгінде оңтүстікқазақстандық фермер қолданады.
Сондай-ақ, бағдарламада сою түсімін арттырудың тың тәсілі, қиярдың сабағын 10 метрге дейін өсіретін жаңа жылыжай және ауыл шаруашылығы саласының ең маңызды мәселелері туралы айтылады.
Толығырақ бүгін сағат 08:40-та эфирге шығатын «Агробизнес» бағдарламасынан біле аласыздар.
ФОТО: astana.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Салқындатылған еттің артықшылығы неде?&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/98631/)