![Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_49002.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазгидромет»-тің хабарлауынша, жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде яғни, оңтүстік-шығысы мен елдің таулы аймақтарында екпінді жел тұрып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Елдің батысы мен оңтүстік-батысында күн ашық болады. Солтүстік батыста тұман түседі.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерінде бұршақ жауып, күн күркіреуі мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Ақмола және Ақтөбе, Қостанай облыстарында да күн күркірейді. Қостанай облысында тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде де күн күркіреп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстарында 2 градусқа дейін күн суытады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/98686/)