![Қазақстан бишілері Моңғолия мен Жапонияда өнер көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_49005.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Моңғолияда маусым айында «Welcome to Mongolia-2015» халықаралық балет фестивалі өтеді, деп хабарлады «Моңғолия дауысы».
Оған Қазақстан, АҚШ, Куба, Испания, Жапония, Тайвань, Грузия, Ресейдің үздік бишілері қатысады. Репертуар қойылымын танымал балетмейстер Фан И жүзеге асырады.
Ол Моңғолияға Еңбегі сіңген әртіс Д.Алтанхуягпен бірге көрермендерді «Лебединое озеро», «Ромео және Джульетта», «Дама с камелиями» туындыларымен таныстырмақ.
«Welcome to Mongolia-2015» фестиваліне қатысушылар шарадан соң өнерлерін көрсету үшін Жапонияға аттанады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан бишілері Моңғолия мен Жапонияда өнер көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/98689/)