![С.Нұрмағамбетовты еске алуға арналған турнирге 126 боксшы қатысады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_49008.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматыда 24-28 мамыры аралығында ҚР Қорғаныс министрлігі Армиялық Орталық Спорт Клубы залында бокстан XIX Халықаралық турнирі өтеді. Жарыс Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған.
Сайысқа әлемнің жеті елінен: Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Малайзиядан барлығы 126 былғары қолғап шебері қатысады.
ҚР Қорғаныс министрлігі «ЦСКА» спорт клубының ресми өкілі Тимур Жағыпаровтың айтуынша, жекпе-жектер барлық 10 салмақ категориясы бойынша өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=С.Нұрмағамбетовты еске алуға арналған турнирге 126 боксшы қатысады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/98692/)