![«Астана арландары» WSB жобасының финалына шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_49027.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) екінші жартылай финалдық кездесуі аяқталды.
«Астана арландары» бокс клубы ресейлік «Russian Boxing Team» құрамасын жартылай финалдың екінші күнгі кездесуінде 4:1 есебiмен жеңдi.
Олжас Сәттiбаев – Карен Арутюнян (49:46, 48:47, 49:43) 3:0
Зәкәр Сафиуллин – Артур Субханқұлов (48:47, 48:47, 48:47) 3:0
Данияр Елеусiнов – Якуб Нуриев (47:48, 48:47, 48:47) 2:1
Нұрдәулет Жарманов – Эдуард Якушев (46:49, 46:49, 46:49) 0:3
Иван Дычко – Максим Бабанин ТКО, Дычко екiншi раундта техникалық нокаутпен жарыс жолынан ығыстырды.
Еске сала кетейiк, жартылай финалдың бiрiншi күнiнде «Астана арландары» ресейлiк боксшыларды 5:0 есебiмен ұтқан едi. Екі күн қорытындысы бойынша «Астана арландары» қарсыластарын 9:1 есебiмен ұтып, финалға жолдама алды.
«Астана арландары» финалдық бәсекеде мексикалық «Mexico Guerreros» боксшыларын 10:0 есебімен ұтқан кубалық «Cuba Domadores» клубымен бас жүлдені сарапқа салады.
Финалдық кездесудің өтер орны мен нақты күні әзірге белгіленген жоқ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана арландары» WSB жобасының финалына шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/98711/)