![20 елдің студенттері EXPO-2017 көрмесіне арналған тұрғын кварталдың жобасын ұсынады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_49052.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
28-29 мамыр күндері Астанада «Көптеген мүмкіндіктері бар жайлы үйді жобалау» атты студенттер арасындағы XI халықаралық сәулет байқауының финалы өтеді. Байқауға әлемнің 20 елінен 200-ге жуық студент қатысады.
Шараны француздық «Saint-Gobain» компаниясы және «Астана EXPO-2017» ҰК-мен бірлесе ұйымдастырып отыр.
Жыл сайын байқау шеңберінде жас сәулетшілерге дүниежүзі бойынша мектептер, тұрғын ғимараттар, театрлар және тағы да басқа түрлі нысандарды жобалау ұсынылады. 2015 жылғы байқаудың тақырыбы - «Суық климатқа арналған тұрғын квартал – Астана, Қазақстан».
Жас сәулетшілер EXPO-2017 көрмесінің аумағында салынатын энергия тиімділігі жоғары тұрғын-үй кешендерінің жобаларын ұсынады. Байқаудың қазылар алқасының құрамында белгілі қазақстандық және шетелдік сәулетшілер және «Астана EXPO-2017» компаниясының өкілдері бар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=20 елдің студенттері EXPO-2017 көрмесіне арналған тұрғын кварталдың жобасын ұсынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/98736/)