![Айгүл Ақынбайқызы: Баланың күйді түсініп, оны көрерменге жеткізе білуінің өзі – өнер](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_49236.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Ансамбльді осыдан бір жыл бұрын өзім басқарып отырған домбырашылар үйірмесінен дарынды балаларды іріктеп, құрдым. 9-13 жас аралығындағы балалардан құралған ансамбльде бүгінде 10 бала бар. Ансамбль шығармашылығында Құрманғазының, Динаның күйлері, Әбділхамит Райымбергеновтің «Секіртпе» деген күйі және т.б. көптеген күйлер бар»,-дейді Айгүл Ақынбайқызы.
«Балалармен жұмыс істеу – қиын. Бала бергеніңді алса екен, деп талпынасың. Ауыртпалығы да, ыстығы да, суығы да бар. Оның үстіне өнер жолы, әсіресе күй – өте күрделі жанр. Кішкентай баланың күйді түсініп, оны көрерменге жеткізе білуінің өзі – өнер. Біздегі мақсат – өзіміздің бойымыздағыны балаларға беріп, олар халыққа жеткізсе».
«26 қазан мен 2 қараша аралығында Араб Әмірлігінде халықаралық конкурс өтпек. Сол сайысқа домбырашыларымды қатыстыруды жоспарлап отырмын. Сондай-ақ, болашақта балаларыммен жеке концерт беру ойда бар».
Жас домбырашылардың орындауындағы «Секіртпе» күйін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Айгүл Ақынбайқызы: Баланың күйді түсініп, оны көрерменге жеткізе білуінің өзі – өнер&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/98920/)