![Павлодар облысында 45 жолаушысы бар автобус аударылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_49323.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұл туралы «Апаттық медицина орталығы» мекемесі Павлодар облыстық филиалы басшысының орынбасары, дәрігер Анатолий Морозовский хабарлады.
Маманның айтуынша, жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама таңғы 03:58-де сағатта түскен.
«Оқиға орнына Қалқаман жол-медициналық құтқару пунктінің мамандары дереу жетіп, жолаушыларға көмек көрсетті. Зардап шеккен 14 азаматтың екеуі – бала. Қазіргі таңда олардың денсаулығы қанағаттанарлық деңгейде. Ауруханаға жатқызылғандар жоқ», - дейді А. Морозовский.
Фото: Pavlodarnews.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодар облысында 45 жолаушысы бар автобус аударылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/99007/)