Дима Биланның сұхбатын көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дима Биланның сұхбатын көріңіз

04.06.2015
Дима Биланның сұхбатын көріңіз

Көпшілікке Дима Билан ретінде танылған ресейлік әншінің шын есімі Виктор Николаевич Белан. Әншінің Дима есімін таңдауының өз себебі бар. Дмитрий – Биланның атасының есімі. Ол бала кезінен өзін Дима деп атағанын қалаған екен.

Дима Билан  «Евровидение» байқауында Ресейді 2006 жылы «Never Let You Go» әнімен таныстырып, екінші орын алса, 2008 жылы «Believe» әнімен бірінші орынды жеңіп алған.

Сондай-ақ, ол аталмыш байқауда жеңімпаз атанған тұңғыш ресейлік әртіс.

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 17:00-де «Сіздермен бірге Арман Давлетьяров» хабарынан  Дима Биланның сұхбатын көріңіз.

 

Хабарламаларға жазылу