![Самбо бойынша Әлем чемпионы, UFC палуаны Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға келеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_49362.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
5 маусымда «Қазмедиа орталығы» ғимаратының 11-қабатында Қазақстанның Аралас жекпе-жек федерациясы «KAZsport» телеарнасымен бірлесе отырып, самбо бойынша Әлем чемпионы, UFC палуаны Хабиб Нурмагомедовтің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізеді.
Х.Нурмагомедов Қазақстанда алғаш рет аралас жекпе-жек техникасы бойынша шеберлік сағатын өткізбек.
Әлемдік ММА жұлдызының семинары 5 маусым күні сағат 18.00-де Астана қаласындағы «Еуразия» спорт кешенінің ғимаратында және 6 маусым күні сағат 11.00-де Алматы қаласындағы жоғары спорт шеберлігінің мамандандырылған мектебінде өтеді.
Хабиб Нурмагомедов - UFC-де сынға түсетін аралас жекпе-жектің кәсіби палуаны. Ол жеңіл салмақ дәрежесіндегі әлемнің үздіктері арасында екінші орында тұр. Жеңіл салмақтағы UFC үздік боксшыларының ондығына кіреді.
Баспасөз мәслихатының басталуы: сағат 12.00.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Самбо бойынша Әлем чемпионы, UFC палуаны Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/99046/)