![Қонақ күте білеміз бе?](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_49460.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қонақ күту – үлкен жауапкершілікті талап етеді. Келген қонақтың риза болып кетуі үшін үй иесі мен оның әрекеттері зор рөл атқарады. Ал, қазақ халқы – ежелден барын қонағының алдына тосқан халық.
Содан болар, біздің халықта «Қырықтың бірі – қыдыр», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді», «Қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақ келсе – құт» сынды нақылдар бар.
Халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға да ерекше мән берген. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені.
Ал, қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған.
Бүгінде қонақты қалай күтеміз? Дастархан жаю дәстүрі, қонақ күте білудің қыр-сырымен бүгін 15:00-де «Әйел бақыты» хабарынан біле аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қонақ күте білеміз бе?&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/99144/)