![Қарағанды облысында мотоцикл жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында велосипедшіні қағып кеткен](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_49489.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
7 маусымда, түнгі сағат 00:13-де Қарағанды қаласының Республика даңғылында мотоцикл жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында өтіп бара жатқан велосипедшіні қағып кеткен. Оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде.
Ал, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 30 жастағы азаматша облыстық медицина орталығына жеткізілген.
Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің әкімшілік полиция басқармасы жол-көлік оқиғасын көрген куәгерлерге 8 (721) 241-81-90; 41-84-47 байланыс нөмірі арқылы ІІД әкімшілік полиция басқармасының іздеу бөліміне хабарласуын сұрайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысында мотоцикл жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында велосипедшіні қағып кеткен&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/99173/)