![Алматыда «Springer» баспасының қазақстандық авторларын марапаттау шарасы өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_49573.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
12 маусым күні Алматыда «Springer» баспасы және «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ның ұйымдастыруымен «Springer» журналдарында мақалалары жарық көрген және материалдары дәйексөз ретінде көбірек қолданылған қазақстандық авторларды марапаттау шарасы өтпек.
«Springer»-дің рейтингтік басылымдарында қазақстандық авторлардың 47 мақаласы басылған. Олардың 11-і биылғы жылы жарық көрген.
Шара авторларға арналған «Рейтингтік журналдарда мақаланы жариялау жолдары» атты семинар аясында ұйымдастырылмақ.
Айта кетейік, қазақстандықтар арасында танымал халықаралық баспа журналдарына ең көп мақала ұсынған автор - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Рәтбай Мырзақұлов.
Жиынға компания басшылығы мен «Springer» баспасы журналдарының жетекші редакторлары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері қатысады.
Басталуы: сағат 09.30.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда «Springer» баспасының қазақстандық авторларын марапаттау шарасы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/99257/)