![Елордада ақын Олжас Қасым мен Саян Есжанның поэзиялық кеші өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_49669.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында ақын, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының журналистері Олжас Қасым мен Саян Есжанның «Екеудің кеші» атты поэтикалық кеші өтті.
Кеш еркін форматта өтіп, ақындар бір-бірімен сұхбаттаса отырып, оқырманмен тікелей байланысқа шықты.
Кеште қос ақынның қаламдастары, замандастары, әдебиетті сүйетін оқырмандар жиналды.
Сондай-ақ, жыр кешінде ақын Олжас Қасым мен Саян Есжанның жыр жинақтары көпшілікке таныстырылды.
Қос ақын туралы ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Ақберен Елгезек былай дейді: «Екеуі де ойлы өлеңдер жазады. Жаңа форматтағы өлеңдерге ден қойып жатқандары бізді қуантады».
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада ақын Олжас Қасым мен Саян Есжанның поэзиялық кеші өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/99353/)