![Еуро-2016. Футболдан Ресей құрамасы Австрия футболшыларынан ұтылып қалды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_49677.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еуро-2016 іріктеу турнир аясында «G» тобында сынға түсіп жатқан футболдан Ресей құрамасы өз алаңында Австрия құрамасын қабылдап, 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Австрия құрамасының футболшысы Янко ойынның 33-минутында гол салып, өз командасына маңызды 3 ұпай қосты.
Айта кетейік, Ресей елінің футболшылары Еуро-2016 іріктеу турнирінде Австриядан екінші рет ұтылды. Былтыр 4-турда сырт алаңда дәл осындай 0:1 есебімен есе жіберген.
«G» тобының турнир кестесінде Австирия 16 ұпаймен топ бастап келеді. Ал, Ресей құрамасы 8 ұпаймен 3-орында.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуро-2016. Футболдан Ресей құрамасы Австрия футболшыларынан ұтылып қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/99361/)