![Алматыда «Жаңа Жібек жолы - тұрақты даму және жалпы өркендеу» атты халықаралық симпозиум өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_49716.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін, 17 маусым, сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Мәжіліс залында «Жаңа Жібек жолы - тұрақты даму және жалпы өркендеу» атты халықаралық симпозиумның ашылуы өтеді.
Оған халықаралық ұйымдардың және дипломатиялық миссиялардың өкілдері, көрнекті ғалымдар, сарапшылар мен кәсіпкерлер қатыспақ.
Симпозиум жұмысы «Нұрлы жол» бағдарламасы - болашаққа бастар жол», «Жібек жолының экономикалық аймағы: экономикалық және саяси тұрақтылық кепілі және жаһандық қауіпсіздік», «Ұлы Жібек жолы: тарих, мәдениет, білім, рухани мұра» тақырыптары бойынша өтеді.
Шараны ұйымдастырушылар - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қаласындағы ҚХР Консулдығы, Сыртқы істер, Білім және ғылым министрліктері.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда «Жаңа Жібек жолы - тұрақты даму және жалпы өркендеу» атты халықаралық симпозиум өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/99400/)