![Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_49721.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, 9 маусым күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов «Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы» өкімге қол қойған.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2015 жылғы 17 маусымда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын», делінген өкім мәтінінде.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/99405/)