![«Жазықсыз жапа шеккендер»](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_49757.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Біз білетін қуғын-сүргін құрбандары, күрескерлер – Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов пен Бейімбет Майлиндер. Алайда, жазықсыз атылып кеткен арыстар ішінде Жанайдар Сәдуақасовтың орны ерек еді.
Қырық жылға жетер-жетпес ғұмырында Жанайдар Сәдуақасов тындырған еңбектер ғасырға жүк боларлық. Ол – қазақ заң қызметінің жаңа өріс алуына себепші болған жан.
Ол – қазақ зиялыларының, қазақ байларының жазықсыз қудалануына қарсылығын ашық білдірген азамат.
Ол – халық басына төнген нәубет ашаршылықта қарлығаш болып, қанатымен су сепкен жанашыр. Ол – қараусыз қалған талай жетімге құшағын ашқан, оларға пана болған. Бүгін 21:05-те «Айтуға оңай...» хабарын көріңіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Жазықсыз жапа шеккендер»&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/99440/)