Асхат Бәкірұлы: Біздің мақсатымыз – сәулет өнерінде қазақи бағытты ұстау - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асхат Бәкірұлы: Біздің мақсатымыз – сәулет өнерінде қазақи бағытты ұстау

19.06.2015
Асхат Бәкірұлы: Біздің мақсатымыз – сәулет өнерінде қазақи бағытты ұстау

Асхат Бәкірұлы - «Астана-2008» сәулетшілер конкурсының жеңімпазы. Архитектордың қолынан шыққан Семейдегі «Дегелең дерті», Абыралы көтерілісіне арналған ескерткіш, «Бейбітшілік мұражайы» т.б. өнер туындылар бар.  Сондай-ақ, оның «Ең үздік тұрғын үй» жобасы үздік деп танылған.

«Семейдегі «Дегелең дерті» Абыралы көтерілісіне арналған ескерткіш полигонның жабылғанына 20 жыл толуына орай туған дүние. «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен салынған. Менің алғашқы туындым  болғаннан кейін ерекше ыстық»,-дейді архитектор.

«Қазір түрлі тапсырыстармен жұмыс істеудеміз. Бірақ, біздің мақсатымыз – сәулет өнерінде қазақи бағытты ұстау».

«Бала кезімізде мектепте тәртіп бұзсақ, мұғалімдер бұрышқа тұрғызып қоятын. Сонда мен «ертең есейгенде домалақ, бұрышы жоқ үй саламын. Сонда балалар мен сияқты қиналмайды»,-деп армандайтын едім. Қазақ үйі келбетіндегі ойын-сауық орталығының үлгісі осылай дүниеге келді.

Ал, неке үйінің үлгісіне қазақ қыздарының сәукелесін негіз қылдым. Концепциясы сәукеледен алынды. Бұл жобаларды EXPO көрмесіне ұсынуға талабы өзгеше болды. Қазір нысандарды мемлекет емес, жеке кәсіпкерлер тұрғызуға  ниетті»,-дейді Асхат Бәкірұлы.

Елордамыздың бүгінгі архитектурасы туралы өрбіген сұхбатты «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.

Хабарламаларға жазылу