![Қазақтың қасиетті өнері – айтыс](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_49783.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Айтыс – қазақтың ауызекі әдеби – музыкалық өнерінің көлемді және аса құнды салаларының бірі. Ол – суырып салма ақындық өнерінің жемісі. Айтыста халықтың әдет- ғұрпы, тұрмыс-салты, дүниетанымы, эстетикалық, руһани, философиялық және әлеуметтік көзқарасы, қалыптасу тарихы байқалады.
Айтыстың басты ерекшелігі – оның суырыпсалмалығы. Бұл өнер түрі қазаққа ағайындас, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы, қоғамдық өмірі ұқсас келетін қырғыз, түркімен, қарақалпақ халықтарында да кездеседі.
Айтыста көтерілетін тақырыптар сан алуан. Тақырыптар көбіне халықтың тұрмысын жан-жақты көрсетіп, барынша ашық бейнелейді.
Бүгін 18:10-да «Ғасырлар үні» осы айтыс төңірегінде әңгіме өрбітпек.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақтың қасиетті өнері – айтыс&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/99466/)