![Димаш Құдайбергенов «Славян базары-2015» байқауында бақ сынамақ](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_49848.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұған дейін халықаралық «Шығыс базары-2012», «Мейкин Азия» байқауларының жеңімпазы атанған Димаш Құдайбергенов қазір алдағы сынға қызу дайындалуда. 9-13 шілде аралығында өтетін сайыста ол ұйымдастырушылардың талабы бойынша 3 ән орындамақ: Қазақ, орыс және әлемдік деңгейде белгілі туындылар.
«Үш күнде үш тілдегі композицияны ұсынбақпын. Біріншісі халық әні, екіншісі – Алла Пугачеваның репертуарындағы «Опять метель» әні, соңғысы – француз тіліндегі әлемдік «хит». Бәрі жақсы болса, ойдағыдай өнер көрсетемін деген үміттемін», - дейді Димаш Құдайбергенов.
Бүгінде өнер иесі Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде білім алуда.
aktobegazeti.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Димаш Құдайбергенов «Славян базары-2015» байқауында бақ сынамақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/99531/)