![«Bala Turkvizyon» байқауына Оңтүстік Қазақстан облысынан Назима Исаханова қатысады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_49897.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шымкентте өткен «Bala Turkvizyon» байқауының іріктеуінде нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы Назима Исаханова топ жарды. Енді ол Астанада өтетін финалға Оңтүстік Қазақстан облысының атынан қатысады.
12 жастағы Назима Исаханова бұған дейін қазақстандық және халықаралық байқауларға қатысқан. Сондай-ақ, ол Мәскеуде өткен «Белая трость» фестивалінде әнші Диана Гурцкаямен бірге ән шырқаған.
Айта кетейік, кастингті «Жігіттер» квартеті өткізді.
«Bala Turkvizyon» байқауының кезекті іріктеуі 25 маусым күні Тараз қаласында ұйымдастырылмақ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Bala Turkvizyon» байқауына Оңтүстік Қазақстан облысынан Назима Исаханова қатысады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/99580/)