![«Алаң» ток-шоуының тележүргізушісіне кастинг жарияланды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_49959.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Алаң» саяси-қоғамдық ток-шоуының тележүргізушісіне кастинг жариялайды.
Саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді сараптап, сценарий жазатын жоғары білімді азамат болуы міндет. Мамандығы саясаттанушы болғаны құпталады.
Үміткердің жасы 30-50 аралығы. Бағын сынағысы келетін азаматтарды маусымның 29 күні сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін Астана қаласы, «Қазмедиа орталығында» күтеміз. Үміткерлер алдын-ала тіркелуі шарт.
Жауапты: Мақпал Буралкиева
Тел.: 8 (717) 2-55-33-68
E-mail: info@kaztrk.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Алаң» ток-шоуының тележүргізушісіне кастинг жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/99642/)