![«Сенбілік кездесуде» - ақын Ұлықбек Есдәулет](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50011.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Поэзиясында елі мен жерінің тағдырына алаңдаған қазақтың көрнекті ақыны Ұлықбек Есдәулеттің оқырман жанын тебірентер, көкірегіне сәулесін себер жырлары жетерлік.
Ақын өлеңдері өмір туралы толғаныстарға толы. Сан қырлы әлеуметтік-қоғамдық тіршіліктің құбылыстары оның өлеңдерінде өзгеше өрнектеліп, ерекше сарында жазылған.
Ұлықбек Есдәулеттің «Көздеріңе ғашықпын», «Жұлдыз жарығы», «Алтайдың алтын тамыры», «Ұлыстың ұлы күні», «Ақ керуен», «Жаратылыс», «Жүректегі жарылыстар», «Заман-ай», «Киіз кітап», «Қара пима», «Ынтық зар», «Әбiлхаят» атты жыр кiтаптары, таңдамалы шығармаларының 2 томдығы, шығармалар жинағының 6 томдығы жарық көрген.
Өлең өлкесінде өзіндік өрнегімен танымал болған ақын шығармашылығы, кейбір өлеңдерінің танымал әнге айналуы, өмір туралы өзіндік ой-пікірлері, пайымы туралы толығырақ бүгін 21:00-де «Сенбілік кездесу» хабарынан біле аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Сенбілік кездесуде» - ақын Ұлықбек Есдәулет&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/99694/)