![Өскемен-Новосібір бағытындағы халықаралық әуе рейсі ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50012.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өскеменнен Мәскеуге аптасына төрт мәрте әуе рейстері қатынайды. Компанияның Орта Азия елдеріндегі өкілі Евгений Чернышевтың айтуынша, жаңа рейстің ашылуы жолаушылардың Өскеменге жетуін жылдамдатып, жеңілдете түспек.
Сондай-ақ, Новосібірден Алматы және Шымкент шаһарларына тікелей рейстер бар. Ал, Мәскеуге Семей және Павлодар қалалары арқылы «S7» әуе компаниясының ұшақтарымен тура ұшуға болады.
Өскемен-Новосібір әуе рейсі еуропалық Airbus A320 комфортабельді ұшақтары арқылы жүзеге асырылады. Ұшақтың сиымдылығы 158 жолаушыға арналған. Ең төменгі билет құны - 21 541 теңге.
Новосібірден ұшып шыққан әуе көлігі Өскемен әуежайына әр дүйсенбі сайын кешкі сағат 16.20-да қонады. Кейін қарай 17.20-да ұшады. Ұшақтың Новосібірге қонатын уақыты - 18.55.
altaynews.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өскемен-Новосібір бағытындағы халықаралық әуе рейсі ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/99695/)