Эквадорға журналистік сапар ұйымдастырылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эквадорға журналистік сапар ұйымдастырылмақ

27.06.2015
Эквадорға журналистік сапар ұйымдастырылмақ

Джонс Хопкинс университетінің Халықаралық журналистикалық жобасы (Johns Hopkins University’s International Reporting Project (IRP) Эквадорға  журналистік сапар  ұйымдастырмақ. Шара 2015 жылдың 18-29 қазан аралығында өтеді.

Журналистерге арналған іссапардың мақсаты – Эквадордың денсаулық сақтау жүйесі мен дамуын баяндау. Сондай-ақ, жұмыс барысында тамақтану, ауыл шаруашылығы, инфраструктура, гендерлік теңдік және жергілікті тұрғындар мен мигранттардың мәртебесі сынды тақырыптар қамтылмақ.

IRP қатысушылардың шығындарын төлейді.

Үміткерлер өтініш пен сапар барысында қандай тақырыптарды қамтитыны туралы (кемінде 800 сөзден тұратын) эссе жіберулері керек.

Өтініштер 7 тамызға дейін қабылданады.

ijnet.org

ФОТО: livejournal.com

Хабарламаларға жазылу