![Онлайн-журналистерге арналған жүлде үшін өтініштер қабылдау басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50018.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Онлайн-жаңалықтар ассоциациясы (ONA) журналистерді қолдауға арналған MJ Bear Fellowship жүлдесіне өтініштер қабылдайды.
Үміткерлердің жобалары онлайн-журналистикаға қатысты болуы тиіс. Сондай-ақ, олар жұмыстарының жүлдеге лайықты екенін дәлелдеуі керек. Мысалы, жаңалықтар контентін таратудың жаңа жолы, әлеуметтік медианы қолданудың жаңа формасы немесе мобильдік технологияға қатысты.
Стипендиаттар 3 онлайн-семинарға қатысуға және үш жыл тегін ONA мүшесі болуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, оларға Онлайн-жаңалықтар ассоциациясының Лос-Анджелесте өтетін салтанатты марапаттау рәсіміне қатысуға жолдама беріледі.
Өтініштер 10 шілдеге дейін қабылданады.
ijnet.org
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Онлайн-журналистерге арналған жүлде үшін өтініштер қабылдау басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/99701/)