![«Ақсауыт» хабары «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны туралы әңгімелейді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50029.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қарағанды облысындағы «Спасск» полигонында өткен I «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына 800-дей әскерлеріміз қатысты.
Шараға еліміздің ірі оқу орындарының әскери факультеттері мен әскери-патриоттық мектептердің және клубтардың тәрбиеленушілері атсалысты.
Бес күн бойы 32 команда әскери-патриоттық шаралары мен физикалық қарым-қабілеті бойынша сайысқа түскен жиын туралы толығырақ бүгін 08:30-да «Ақсауыт» бағдарламасынан көре аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Ақсауыт» хабары «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны туралы әңгімелейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/99712/)